Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

2 Тамыз, 11:47 577

Түркия жұма күні таңертең ел аумағында Instagram-ды бұғаттап тастады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Дегенмен билік оның себебін атаған жоқ.

Әлеуметтік желі мобильдік қосымшада да, компьютерде де қолжетімсіз.

Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі кеңес шешімі бойынша 2 тамызда Instagram.com сайты бұғатталды, - делінген мәліметте.

Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны айтылған жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: