Түркия астанасы Анкарада жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Анадолу агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Түркияның ішкі істер министрлігінің басшысы мәлімдеген.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 9.30-да орын алғаны белгілі болды.
Екі жанкешті Анкарадағы ішкі істер министрлігі бас қауіпсіздік басқармасының қақпасында жарылыс жасаған.
Салдарынан екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.
Сағат 9.30 шамасында екі жанкешті ішкі істер министрлігі бас қауіпсіздік басқармасының қақпасына жеңіл көлікпен келіп, жарылыс жасады. Жанкештінің біреуі өзін жарды, екіншісінің көзі жойылды. Ашық от салдарынан екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алды. Батырларымыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, - деп жазды ішкі істер министрі Али Йерликая.
Айтуынша, түрік қауіпсіздік күштері терроризммен ымырасыз күресті жалғастырады.