Ташкентте классикалық пауэрлифтингтен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. Спорттық сында түркістандық спортшы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зілтемір көтерушілер арасындағы бәсекеге 25 мемлекеттен 360 спортшы қатысып, кіл мықты анықталды. Сары құрлықтың үздіктері бақ сынасқан сайыста түркістандық спортшылар 3 алтын алып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. Дәлірек айтар болсақ, 69 келіде Нигара Адырова мен 76 келіде Ирада Абдырова барлық қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медаль алды. Ал, Барно Жұмабаева жасөспірімдер арасында бақ сынап, 1-орын иеленіп, Әлем және Азия рекордтарын жаңартып, сары құрлықтағы абсолюдтік жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 желтоқсанға дейін жалғасады.