Түркістандық құтқарушыларға өрт сөндіру көліктері тарту етілді

11 Қазан 2023, 04:27 602

Түркістан облысы ТЖ департаментіне 26 бірлік өрт сөндіру автомобилі берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік іс-шараға Түркістан облысының әкімі  Дархан Сатыбалды Амангелдіұлы қатысты.

Жаңа техника республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынды. 

Белгілі болғандай, соңғы бес жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 67 бірлік техника алынды. 

Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға көмектеседі.

Берік Арманов
Бөлісу: