Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі. ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.