Түркістанда ауа температурасының жоғарылауына байланысты жылу беру маусымы аяқталды. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің аяқталуына және сыртқы ауа температурасының, сондай-ақ ғимараттардың ішкі ауа температурасының көтерілуіне байланысты, 1 сәуірден бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру маусымы тоқтатылады, - делінген мәліметте.