Түркістанда жаяу жүргіншіден 1 келіден астам марихуана тәркіленді

28 Қазан 2023, 05:30 662

Түркістанда жаяу жүргіншіден 1 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Түркістан қалалық полиция басқармасы мен ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция өзімен бірге есірткі заттары болуы мүмкін Түркістан тұрғынын анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні Түркістан қаласындағы Қызылорда тас жолында ұстап, тексеру жүргізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары ер адамнан ішінде есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакетін тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Қорытындыға сәйкес, есірткі заты кептірілген марихуана болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 1 келіден асады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: