Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

18 Қазан, 11:05 400

Полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар 60 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті Алматы қаласына жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Белгілі болғандай, ол күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған ВАЗ-2107 автокөлігіне көзі түскен. Ер адам алдымен күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өзінің көлігінің нөмірлерін орнатқан. Артынан көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: