Түркістанда тұрғынды қараудан бас тартқан емханаға айыппұл салынды

29 Ақпан, 16:19 773

Түркістан облысында жергілікті тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан емханаға айыппұл салынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық көмек ала алмай жүрген ер адам Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне шағымданған. Бұл жөнінде otyrar.kz жазды.

Арызданушының айтуынша, белгісіз себептермен оның заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығы шектелген. Яғни, емхана ұжымы ер адамға көмек көрсетуден бас тартқан.

Осы дерекке қатысты омбудсменнің өңірлік өкілі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына ұсыныс жолдаған. Нәтижесінде ережені бұзғаны үшін медициналық ұйымға 160 мың теңгеден астам айыппұл салынып, жергілікті тұрғынның құқығы қорғалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: