Түркістан қаласындағы тойлардың бірінде ұйымдастырылған кортежге қатысқан төрт Toyota Alphard және бір Mercedes-Benz көлігін полиция айып тұрағына алып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кортежге қатысқан жүргізушілерге әкімшілік айыппұл салынған.
Полицейлер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Түркістан қаласының әуежайына бағытталған трассада «той кортежін» ұйымдастырған төрт Toyota Alphard және бір Mercedes-Benz көлігін тоқтатты. Жүргізушілерге «маневр жасау ережелерін бұзу» және «авариялық жағдай тудыру» баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық көлік айып тұрағына қойылды, – деп хабарлады полиция департаменті.