Түркістанда құрылыс материалдары сақталған қоймадан өрт шықты

Кеше, 10:15 417

Түркістан қаласының 112 құтқару қызметіне құрылыс материалдары сақталған қоймадан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер өрттің көршілес орындарға таралу қаупін байқаған соң қосымша күштер мен құралдарды жұмылдырды.

Дұрыс таңдалған өрт сөндіру тактикасы мен сумен үздіксіз қамтамасыз етудің арқасында, өрт басқа жерлерге тараған жоқ. Атап айтқанда 250 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді.

ТЖМ кәсіпкерлердің назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігіне аударады.

Перизат Саденова
Бөлісу: