Түркістанда қоғамдық монша өртеніп, адамдар эвакауацияланды

Кеше, 21:11 136

Түркістан облысы Арыс қаласында бір қабатты монша кешінінде өрт шықты. Қоғамдық жуынатын орынның бу бөлмесінде төбе жабыны мен қабырғасының қаптамасы жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына төтеншеліктер дереу жетіп, 3 адам эвакуацияланды. 

Өрттің ары таралуына жол берілмей, 36 шаршы аумақты шарпыған қызыл жалын дер кезінде сөндірілді.  Зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: