Түркістанда Президент кортежі жүретін жолдан қару-жарақ табылды

27 Қыркүйек, 21:31 931

Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Перизат Саденова
Бөлісу: