Түркістанда ене мен келіндер арасындағы байқау өтті

3 Тамыз, 07:34 676

Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Байқауды қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастырған. Сайысқа Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау  мақсаты – еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай ене мен келін шаңырақтың ұйытқысы мен берекесі екендігін ұғындыру. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, анасы мен қызындай сыйласқан қатысушылар ұмыт болып бара жатқан «Құрсақ шашу» тойы, «Қазанжарыс», «Тымаққа салу», «Қырқынан шығару», «Тұмар» сияқты салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетті. Сөз шеберліктерін танытып, мақал-мәтел айтудан жарысқа түсті. Сондай-ақ шебер қолдарымен кесте тігіп, қолөнерден де кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Ұлттық нақыштағы киім үлгісімен отбасылық өнер көрсетіп, сыйластығымен ерекшеленген қатысушылар арасынан жоғары ұпаймен жүлдеге ие болғандар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.   

 

Зарина Арман
Бөлісу: