Түркістанда балалар жаппай ішек инфекциясын жұқтырып жатыр

5 Тамыз 2023, 05:15 856

Түркістан облысында жыл басынан бері 151 бала ішек инфекцияларын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бергі алты ай ішінде өңірде 185 тұрғын ішек инфекцияларын жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 151 бала бар.

Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше жалпы аурушаңдық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге төмендеген.

Жұқпалы ішек аурулары жаз айларында өрши түседі. Асқазан-ішек жолдарына бактериялар мен вирустардың түсуінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен жүретін жұқпалы аурулар тобы. Қоздырғыштары адамға алиментарлы, ауыз-нәжіс жолымен және жеке бас гигиена талаптарды сақтамағаннан жұғады, - дейді санитар мамандар.

Берік Арманов
Бөлісу: