Түркістанда аптап ыстық: ең жоғары температура Қызылқұмда тіркелді

13 Шілде 2023, 17:15 1194

Түркістан облысы бойынша ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм ауылында тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, өңірде ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм аймағында тіркелген.

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Қызылқұмда 44,2 градус болды. Ал, Түркістан қаласында – 42,7, Шымкентте – 40 градус ыстық тіркелді. Бүгінгі күннің ең соңғы мәліметтері сағат 21:00-де белгілі болады, - делінген синоптиктердің ақпаратында.

Оқи отырыңыз:

Равиль Ашығали
Бөлісу: