Түркістанда әлеуметтік желі арқылы экстремистік материал таратқан тұрғын қамауға алынды

6 Шілде, 02:19 756

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды. Ер кісіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері құрықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Діни экстремизмнің жақтаушысы Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Ол әлеуметтік желі арқылы радикалды уағызшылардың бейнероликтері мен терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер діни бағыттағы 300-ге жуық кітапты, ноутбукты және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде,-делінген полиция мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: