Түркістанда 5 жасар баланың денесі каналдан табылды

17 Наурыз, 18:18 936

Түркістан облысында 2019 жылы дүниеге келген баланың денесі каналдан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 жасар бала 16 наурызда сағат 15.00-де Біртілек ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған. Куәгердің айтуынша, суару каналында бүлдіршіннің аяқ киімі табылған.
 
Төтеншеліктердің мәліметінше, бүгін 16 наурызда сағат 16.40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтық жердегі судан шығарып алды.

Іздеу жұмыстарына ТЖД, жергілікті атқару орган және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: