Түркістанда 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды

15 Маусым 2023, 10:45 565

Түркістан облысында 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1991 жылғы науқасқа ота жасалды. Шамамен төрт сағатқа созылған отаның нәтижесінде онкохирург дәрігерлер науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алды. Ал, материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсетті.

Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтті, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп жоқ.

Равиль Ашығали
Бөлісу: