Түркістанда 153 млн теңге айыппұл төлемей жүрген азамат анықталды

31 Шілде, 16:58 510

Түркістан облысының полициясы «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен 153 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген азаматты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізді.

Кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түсті. Белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар бар.

Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды.

Көлік айыптұраққа қойылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: