Түркістан облысының уран өндіруші компанияларымен кеңес өтті

12 Қазан 2023, 20:04 969

Энергетика вице-министрі А.Хасенов Түркістан облысының уран өндіруші кәсіпорындарымен және көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылармен – «Саутс-Ойл» ЖШС және онымен үлестес компаниялармен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А.Хасенов жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтау және жобалық шешімдерді орындау, сондай-ақ Түркістан облысында күкірт-қышқыл зауытын салу жөніндегі компаниялардың бірінші басшыларының ақпаратын тыңдады. Уран қорларын қайта есептеу, келісімшарттық аумақтарды кеңейту, технологиялық көрсеткіштерді келісу, өндірістік объектілер мен аффинаж зауыттарын салу немесе жаңғырту және т. б. мәселелер талқыланды.   

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға өңірдің жаңа уран кен орындарына тәжірибелі мамандарды тарту және жинақталған құзыреттілікті сақтау мақсатында сарқылатын кен орындарының қызметкерлерін жұмысқа орналастыру бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Уран қорларын толықтыру үшін белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.      

«НедраКом» ЖШС және «Құмкөл Ойл» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарының оң нәтижелері атап өтілді. Сонымен қатар, басқа құрылымдарда іздеу жұмыстарын жеделдету немесе оларды қайтару туралы шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. «Саутс-Ойл» ЖШС жұмыс істеп тұрған кен орындарын дамытуға және перспективалы құрылымдарды барлауға бағытталған іс-шараларды енгізуді тапсырды.                             

2023 жылғы 13 қазанда уранды өндіру және қайта өңдеу процестерін, оның ішінде аффинаж зауытының жұмысын мониторингілеу және жұмыскерлердің еңбек жағдайларын қарап-тексеру үшін уран кеніштеріне шығу жүзеге асырылады.

Берік Арманов
Бөлісу: