Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

24 Наурыз 2023, 20:39 1326

Түркістан облысы полиция қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданынан заңсыз оқ-дәрілерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдерге жергілікті тұрғындардың бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл бойынша жан-жақты жұмыс атқарған полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады.

Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Осы жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: