Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін үйін фитозертханаға айналдырған

Кеше, 14:57 332

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргены.

Оның үйінің бақшасынан заңсыз фитозертхана анықталды. Арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан астам есірткі салынған қаптар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: