Түркістан облысының ауыл аймақтарында дағдарыс орталықтары ашылады

3 Ақпан, 18:34 781

Бұл туралы Түркістанда өткен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі бірінші Республикалық форумда уағдаласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Бақытты отбасы - болашақтың кепілі" атты ауқымды республикалық форум өтті. Бұл осындай алғашқы іс-шара. Оған облыс әкімі, полиция қызметкерлері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, әртістер, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Түркістан тұрғындары мен есепте тұрған отбасылар қатысты.

Олардың барлығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді қалай шешуге болатындығы туралы айтты. Мүдделі органдар облыстың 17 ауданы мен қалаларында дағдарыс орталықтарын салуға, алкогольден бас тартып нәтижесінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдардың санын көбейтуге, сондай-ақ түрлі алдын алу шараларын күшейтуге келісті.

Жансая Әділбек
Бөлісу: