Түркістан облысындағы үлгілі ауыл анықталды

20 Қараша, 08:43 341

Түркістан облысында аймақ басшысының тапсырмасы бойынша өңірдегі ауылдардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Облыстық конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орын Шардара ауданы, Көксу ауылына бұйырса, ІІ орын Сарыағаш ауданы  Мәдениет ауылына, ІІІ орын  Созақ ауданы Жартытөбе ауылына бұйырды.

Айта кетейік, байқау ережесіне сәйкес, бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тисті қаражатты бөлінеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, ережеге сәйкес байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі – сәуір мен тамыз аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылса, ал екінші кезең – облыстық деңгейде қыркүйек пен қараша аралығында жалғасын тапты. Байқаудың аудандық кезеңіне 16 аудан, қаладан жалпы 75 ауыл қатысқан.  Нәтижесінде облыстық кезеңге 16 ауыл (әр аудан, қаладан – 1-ден) жолдама алып, бақ сынады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: