Түркістан облысындағы Келес орманшылығында өрт болды

13 Шілде 2023, 10:07 1080

«Сайрам-Өгем» МҰТП-нің Өгем филиалына қарасты Келес орманшылығында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасының бастамасымен жедел штаб құрылып, оның құрамына орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері кірді. Өрт ауданы 2 гектарды құрады, қазіргі таңда қызыл жалын толық сөндірілген.

Оқи отырыңыз:

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 48 адам мен 8 бірлік техника, Түркістан облысы ТЖД 45 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: