Түркістан облысы Түлкібас ауданында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты бірнеше бағыттағы жолаушылары пойызы кешігіп жатыр. Кешіккен пойыз жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оларға өтемақы төленеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Жолаушылары тасымалы" АҚ желі парақшасында кешіккен жолаушылар пойызының тізімін жариялады:
- №21 «Семей-Қызылорда» пойызы;
- №203 «Астана-Шымкент» пойызы;
- №22 «Қызылорда-Семей» пойызы;
- №46 «Түркістан-Павлодар» пойызы;
- №24 «Ақтөбе-Алматы» пойызы;
- №55 «Көкшетау-Қызылорда» пойызы;
- №87 «Алматы-Сарыағаш» пойызы;
- №78 «Маңғыстау-Алматы» пойызы;
- №30 «Атырау-Алматы» пойызы;
- №34 «Ақтөбе-Алматы» пойызы.
26 маусым күні таңғы сағат 04:00-ге дейін қозғалыс қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ, ережелерге сәйкес әрбір толық кешігу сағаты үшін жол жүру құнының 3%-ы мөлшерінде өтемақы төленетінін хабарлайды,-делінген мәліметте.
Еске салсақ, 25 маусымда сағат 19:20-да Түлкібас-Арыс учаскесіндегі Менлібай-Көктөбе қиын иінді аумағында жүк пойызының вагондары жолдан шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүк пен жылжымалы құрамда өрт болмаған. Теміржолшылар осы учаскедегі қозғалысты қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Оқиға орнында Шымкент, Арыс және Тараз стансаларынан қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеуде.