Түркістан облысында жыл соңына дейін 109 мың адам жұмыспен қамтылады

27 Маусым 2023, 22:13 834

Түркістан облысында биыл 5 айда 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін 109 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. 

Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында Түркістан облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Биыл өз ішін ашуға ниетті 1688 адамға қайтарымсыз грант ұсыну көзделуде. Бұл бағытқа 2 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ алғаш рет 594 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Түркістандық жастар үшін 2,9 млрд. теңге қарастырылды. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті тұрғындар арасында кеңірек насихаттау шаралары да тұрақты жүргізілуде. Әсіресе, ауыл жастарын, NEET санатындағы азаматтарды осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуге шақырудамыз. Өйткені, кейбір азаматтар бейхабар болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтарымыз жұмысты күшейтпесе, бәсеңдетпейді, – деді өңір басшысы Дархан Сатыбалды.

Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріледі. Осы бағытта жоспар түзіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: