Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

9 Қаңтар 2023, 14:16 933

Оқиғаның себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия анықтайды

Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.

Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.

EL.KZ
Бөлісу: