Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

17 Шілде 2023, 12:43 1215

Қайғылы оқиға 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Бәйдібек ауданының Шаян ауылы маңында болған.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. ҚР ІІМ мәліметінше, апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: