Түркістан облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

8 Қараша, 01:19 387

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған адамды тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Отырар ауданы Арыс ауылында 1978 жылы туған ер адамның үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Арыс ауылынан 2 шақырым жерде ер адамды тауып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: