Түркістан облысында жоғалған туристің денесі табылды

11 Шілде 2023, 15:30 1306

Түркістан облысында жоғалған туристің денесін тау басынан түсіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 жылы туған жоғалған адамның денесі табылды.

Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда.

Оқи отырыңыз:

Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болған еді. Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: