Түркістан облысында жоғалған қыз бір күннен кейін табылды

12 Тамыз 2023, 16:57 2578

Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қызды полицейлер тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеше Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмағанын мәлімдеген. 

Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулік ішінде Шымкент қаласынан табылып, ата-анасына тапсырылды.

Анықталғандай, бойжеткен қыдыру ниетімен ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмағаны белгілі болды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: