Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі ауыл тұрғынының үйінен табылды

14 Шілде 2023, 10:10 1437

Түркістан облысы Жібек жолы ауылында 5 жасар қызының жоғалғаны туралы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне анасы хабарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арыз 13 шілдеде түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.

Оқи отырыңыз:

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Күдікті қамауға алынған. Мәселенің мән-жайы анықталуда.  

Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы, облыс прокуроры, жедел тергеу тобы мен мен құзырлы органдар барды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: