Түркістан облысында жеңгетайлықпен айналысқандар ұсталды

27 Мамыр, 23:40 829

Түркістан облысы Шардара қаласында жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін полицейлер жедел іс-шара барысында анықтаған.

Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: