Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

25 Ақпан 2023, 18:30 2790

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: