Түркістан облысында үшем туған анаға 3 млн теңге берілді

2 Наурыз, 21:10 467

Түркістан облысы Шардара ауданында үшем туған жас анаға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округіндегі Оңайовтардың отбасына барып, үшемдердің ата-анасына арнайы сый-сияпаттар мен қаржылай сертификат табыстады. 

Айта кетсек, Шардара ауданында  Аянат Ғазизқызы, Айқын Ғазизұлы, Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келген болатын. Сәбилердің анасы Асылзада Әбдіғаппарқызы Төлеген 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында туған. Әкесі Ғазиз Серікұлы Оңай 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінде дүниеге келген. Отағасы бүгінгі таңда Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.  

 

Асқар Таудай
Бөлісу: