Түркістан облысында тәулігіне 150 сәби дүниеге келеді

17 Шілде 2023, 08:06 1084

Түркістан облысында тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Бұл туралы  ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша бірінші орында тұр. Дүние есігін ашқан сәбилердің 60 пайызы ұл болса, 40 пайызы қыз.

Жалпы облыс аймағында үш облыстық перинаталдық орталық бар. Ал, аудан бойынша 22 перзентхана бөлімі жұмыс істейді.

Түркістан облыс орталығына айналғалы бері демографиялық өсім 2 есеге ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келген. Бұл - жылына 60 мыңға жуық бөбек туылады деген сөз. Ал биыл, яғни жыл басынан бергі 6 айда 26 мың 706 нәресте жарық дүние есігін ашыпты.

Сонымен қатар Түркістан облысы - елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туылған.

Берік Арманов
Бөлісу: