Түркістан облысында тауға демалуға барған ер адамның кенеттен жүрегі тоқтап қалды

9 Мамыр, 22:00 904

Төлеби ауданында тауға демалуға барған ер адамның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қасқасу ауылдық округіндегі тау бөктерінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, демалуға барған бір топ азаматтың бірі, 1973 жылғы ер адам кенет өзін нашар сезіне бастаған.

Жүрек тұсының қатты ауырып тұрғанын айтқан оған дереу жедел жәрдем шақырылған. Алайда ол медициналық көмек жеткенше жан тапсырған. Тиісті тексерулер жүріп жатыр.

Кейбір мәліметке сүйенсек, қайтыс болған азамат Шымкент қаласының тұрғыны.

Перизат Саденова
Бөлісу: