Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Бүгiн, 08:40 173

Түркістан облысында "Ішімдіксіз ауыл" бірегей жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл жолы Мақтаарал ауданындағы тағы бір ауыл алкогольден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

250-ге жуық отбасы тұратын және 1600-ден астам тұрғыны бар Бірлік ауылдық округінің Табысты ауылында ауылдық билер мен ақсақалдардың бастамасымен алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Соңғы 4 жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев қылмысты азайтуға және құқықтық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан Табысты ауылының қоғам белсенділері мен ақсақалдарына Алғыс хаттар табыс етті. Осылайша ауданда ішімдіктен бас тартқан елдімекен саны 14-ке жетіп отыр. 

Бұл бастама Қ.Пернебаев және Төрткүл ауылдары сияқты басқа ауылдардың тұрғындарына оң ықпал етіп, олар да акцияны қолдауға және жалғастыруға ниет білдірді. 

Айта кетейік, "Ішімдіксіз ауыл" жобасы - бұл құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, салауатты және қауіпсіз қоғамды қалыптастыруға жасалған қадам.  

Асқар Таудай
Бөлісу: