Түркістан облысында суға батқан 10-адамның денесі табылды

23 Тамыз 2023, 11:26 1075

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік, суға кеткендердің барлығы Көксарай ауылында тұратын бір әулеттің адамдары екені анықталды. Белгілі болғандай, сол сегіз адамның алтауы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған). Сырдариядан денесі шығарылған 9 марқұм 22 тамызда жер қойнына тапсырылды. Олардың ең кішкентайы – 4 жасар ұл бала. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: