Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірген зертхана анықталды

22 Шілде, 12:58 535

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі жергілікті тұрғын ұсталды.

60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды, - делінген мәліметте.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: