Түркістан облысында санитарлық талапты сақтамаған мектептерге айыппұл салынды

9 Желтоқсан 2022, 18:07 1128

Бұл туралы Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті

Түркістан облысында санитарлық талаптарды сақтамаған мектептер бойынша 876 тұлғаға 271 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты басқармалар тарапынан ерекше тәртіп бойынша 824 мектеп тексерілген. Анықталған кемшіліктерге сәйкес 876 тұлғаға 271 672 785 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 105 заңды, 207 лауазымды және 290 жеке тұлға бар.

«Мектептер эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізіміне кіргендіктен, жылына 1 рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тарапынан ерекше тәртіппен тексеріледі. Алайда, тексеру туралы хабардар болған мектеп әкімшілігі мектеп ғимаратының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуына қатаң назар аудармайтыны анықталды», - деді Асқар Ысқақов.

EL.KZ
Бөлісу: