Түркістан облысында қызғалдақ  жұлған студент қыздың басы дауға қалды

16 Сәуір, 03:17 1155

Түркістан облысында студент қыз Қызыл кітапқа енген "Грейг" қызғалдақтарын жұлғаны үшін басы дауға қалды. Бұл сәттің видеосын бойжеткен ТікТок желісінде жариялаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған фактіні полицейлер әлеуметтік әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған.  

"Тексеру кезінде жойылып кету қаупі төнген “Грейг” қызғалдақтарын Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жұлғаны анықталды. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, өз парақшасында жариялаған. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі полиция бөлімінде тіркелді. Барлық жағдайлар анықталуда" делінген полиция мәліметінде.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты тіркеп, іс-материалдарын сотқа жолдайтын болады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: