Түркістан облысында қыз алып қашу жаңа деңгейге шықты

26 Шілде 2023, 15:04 4924

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында алып қашқан қыз баланың өз еркімен келгендігі жайлы қолхат жазып отырғанының видеосы таралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысындағы Жетісай қаласында қыздар ұрлығы жаңа деңгейге шыққан. Енді жігіттің туыстары қызға өз еркімен келгендігі, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қолхат жазғызып алатын болған, - делінген желіде тараған видеоның жазбасында.

Оқи отырыңыз:

Қолданушылар бұл видеоға қатысты түрлі пікір жазып жатыр. Біреулер бұл ертеден келе жатқан дәстүр десе, екінші тарап бойжеткен «құлдыққа келіскені жайлы қол қойып жатыр, бассыздық» деген.

Бұл жайтқа қатысты Полиция департаменті пікір білдірді. Түркістан облысы ПД видеоға қатысты тексеру жүргізіп, 20 жастағы қыз баланың 24 жастағы Асықата тұрғынына өз еркімен тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: