Түркістан облысында құны 13 млрд теңге болатын нысан мемлекетке қайтарылды

19 Тамыз, 13:05 480

Түркістан облысында прокурорлар мемлекет меншігіне мүлікті қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, «Қазсушар» Түркістан филиалы 26.06.2023ж. №1 шартпен ұзындығы 13,9 км, құны 13 млрд теңге болатын «Тәуелсіздікке 20 жыл» атындағы су жинау арнасын «СК Парасат» ЖШС-не өтеусіз берген.

Прокурорлардың араласуына аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болды. Сонымен қатар жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай, каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, нәтижесінде оның беріктігіне нұқсан келген, - делінген мәліметте.

Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі негізінде мүлік тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дұрыс пайдалану үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: