Түркістан облысында қоймадағы 10 тонна шөп жанып кетті

13 Наурыз, 04:32 696

Түркістан облысында жеке тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысының шатыры мен қоймадағы шөп жанып кетті. Оқиға Сайрам ауданы Арыс ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, шамамен 10 тонна шөп түгелімен өртенген. Өрт алаңы 75 шаршы метрді шарпыған. Қызыл жалын сағат 04.00-де жойылды.

Оқиға орнына 14 жеке құрам адамы мен 4 ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Зарина Арман
Бөлісу: