Түркістан облысында полицейлер су басқан ауылдың тұрғындарына көмектесуде

23 Наурыз, 05:35 789

Түркістан облысында полицейлер су басқан ауылдардағы тұрғындарға көмектесуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауран ауданындағы ауа-райының қолайсыздығына, нөсерлі жаңбырға және өзен сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Полиция, ТЖД және тиісті қызметтердің күштерімен халыққа көмек көрсетілуде, жаңбыр суының қауіпсіз өтуі мақсатында жағалауын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы Теке ауылында жақын маңдағы көшелердің су басуына байланысты адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Қазіргі уақытта өзен деңгейінің төмендеуі байқалады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: