Түркістан облысында өрт шыққан көпқабатты үйден 50 адам эвакуацияланды

2 Сәуір 2023, 13:47 1308

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда

Түркістан облысының өрт сөндірушілері өрттен 50 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп харлайды El.kz ақпараттық агенттігі  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентау қаласындағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер  өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.

Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 

Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді.

Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.

EL.KZ
Бөлісу: