Түркістан облысында мұғалім оқушысын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті

13 Қыркүйек, 14:51 9378

Түркістан облысы Келес ауданы Амангелді ауылында жантүршігерлік қылмыс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде осы оқиға туралы ақпарат тарады. Хат иесінің айтуынша, бұрынғы мұғалім 16 жастағы оқушы қызды зорлап, оны анасымен бірге өлтіріп кеткен.  

30 жастағы күдікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Сол кезде 16 жастағы оқушы қызға көз салып, қырындап жүрген. 16 жастағы қыз мектеп директорына кіріп, оқиғаны айтқан сияқты. Мектеп директоры 30 жастағы мұғалімді жұмыстан шығарған. Өшін алу үшін ол түнде үйлеріне кіріп, қызды зорлап анасымен бірге өлітіріп кеткен. Бүгін бір үйден екі бірдей жаназа шықты. Анасын кірпішпен ұрып өлтіріп, талдырған. Қызды бөлмеге апарып, есікті бекітіп алып, бетінен, кеудесінен түк қалдырмай, тістеген. Ауыл қатты ашулы, отбасылы әйел төртінші баласын босанғалы жүрген, - деп жазған хат авторы.

Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деді облыстық полициядан.

Түркістан облысының полиция департаменті «күдікті бұрынғы мұғалім болды және 16 жастағы қызды өлтірмес бұрын зорлаған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: